КЕЛЕСТІК ШАБАНДОЗ ОҚУШЫ ЖИЫРМА БИЕ БАҒЫП ОТЫР

КЕЛЕСТІК ШАБАНДОЗ ОҚУШЫ ЖИЫРМА БИЕ БАҒЫП ОТЫР
КЕЛЕСТІК ШАБАНДОЗ ОҚУШЫ ЖИЫРМА БИЕ БАҒЫП ОТЫР
Түркістан облысы, Келес ауданы №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Яхияұлы Жансейіт 10 жасынан бастап тайға мінген. Ұлттық бірыңғай тестілеуден шығармашылық емтихан тапсыруды жоспарлап отырған оқушы көкпардан бірнеше дүркін облыс чемпионы да атанып үлгерген.
— Жастайымнан жылқыға қызығамын. Әлі есімде 10 жасымнан бастап тайға міндім. Ауыл арасында болған тай көкпарларда көкпар шапқанмын. 2021 жылы қыркүйек айында №2 Балалар жасөспірімдер спорт мектебіне ұлттық ойын көкпар тобына барып, сол жылдан бері осы мектепте шынығамын. Сабақтан тыс уақытта жаттығуға асығамын, - дейді жас шабандоз.
Дарынды бала аймақтық, аудандық команда көкпардан бірнеше рет жүлделі орын алған.2023-2024 жылы облыстық команда құрамында көкпардан 2-орын алған, 2024-2025 жылы Келес ауданында өткен облыстық команда құрамында көкпардан 1-орын алған жігіттің отбасында 10 жан бар.
Әкесі Туребаев Яхия Зәкірұлы мектепте мұғалім болып жұмыс істесе, анасы Жамбаева Толқынай Әшірбайқызы үй бикесі. Отбасының шаруашылығында 20 бие бар. Айта кету керек Жансейіт көкпар шабатын аттарды өзі тәрбиелеп шығарады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі