КЕЛЕС: ҚЫЛМЫСТАР САНЫ АЗАЙҒАН
Келес аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау бағытында мекемеаралық мекемеаралық мәжіліс өтті. Басқосуға аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов төрағалық етті.
Жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл билері, білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Мәжілісте қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және оның алдын алу шаралары, қоғамдық саяси ахуал мәселелері, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының атқарған жұмыстары талқыланды.
Келес ауданында жыл басынан бері жалпы қылмыстар 1,4 пайызға төмендеген. оның ішінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 100 % төмендесе, алайда оларға қарсы жасалған қылмыстар 200 % өсіп отыр.
Жиналыстың қорытындысымен аудан прокуроры құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тапсырмалар беріп, қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайту, алдын алу, дер кезінде іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі