КЕЛЕСТЕ «ЖАНЫМ ЖАЛҒЫЗ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

КЕЛЕСТЕ «ЖАНЫМ ЖАЛҒЫЗ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ
КЕЛЕСТЕ «ЖАНЫМ ЖАЛҒЫЗ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ
✔️Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Әшірәлі Кенжев атындағы аудандық мәдениет үйінде 27 - наурыз халқаралық театр күніне орай "Келес" халықтық театры Жолтай Әлмәшұлының "Жаным жалғыз" спектаклін сахналады.
✔️Спектакль қазіргі қоғамдағы отбасы құратын жастағы қыз-жігітердің үйленуге асықпайтындығы және жас отбасылар арасында ажырасу санының көбеюі мәселелерін ашып көрсетті.
✔️Спектаклге жыйылған көрермендер мен аудан әкімі театр ұжымына және қоюшы режиссёрі Ұлжалғас Нармановаға өздерінің ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, керемет көңіл күйде тарқасты.
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі