31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Саяси қуғын сүргінге ұшыраған Алаш зиялылары, ел ардақтылары тарихымызда өте көп. Олардың қазақ үшін алар орны ерекше. Сол қазақ зиялыларының ерліктерін жастарымызға насихаттап, бойларына қазақи рухты әрі рухани бай болуын қамтамасыз ету аса маңызды. Осы мақсатта Келес аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласына арнайы саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында жастар Шымкент қаласындағы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» музейіне барды. Онда алынған мәліметтерге сүйенсек қазақ зиялыларының жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесілгендігі, көрген қорлықтары жайлы түрлі ақпараттар бар. Ең қызықты мәліметтердің бірі Алаш зиялысы Сәкен Сейфуллиннің өлеңін орындаған азаматты «Сәкеншілсің» деп ату жазасына кескен деседі. Осы іспетті түрлі жазаға кесілген азаматтар туралы түрлі деректерде кездеседі.
Арнайы жасалған саяхат барысында жастар саяси қуғын сүргін кезеңінде Алаш зиялылары туралы біраз мәліметтер біле алды. Ер есімі ел есінде. Қазақ үшін, қазақ ұлтының тәуелсіз болуы үшін тер төгіп, қаншама қасірет көрген ата-бабаларымызға қашанда қарыздармыз. Ерліктерін еске алып, олардың тарихы, жасаған еңбектері жайлы анағұрлым мәлімет білсек жастарымыздың білімді әрі дана халықтың ұрпақтары екендігіне айдан анық көз жетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құрылған болатын. Құрамында тарихшылар, өлкетанушылар, заңгерлер, қоғам белсенділері енген комиссия қазіргі уақытта бірқатар тарихи құжаттарды ақтарып, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ азаматтарын ақтау жолында сүбелі үлес қосуда.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі