КЕЛЕС: ҮЙІРЛІ МАРОККО ЖӘНЕ САЯҚ ШЕГІРТКЕСІН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫНА 27 ТЕХНИКА МЕН 2 ҰШАҚ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ

КЕЛЕС: ҮЙІРЛІ МАРОККО ЖӘНЕ САЯҚ ШЕГІРТКЕСІН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫНА 27 ТЕХНИКА МЕН 2 ҰШАҚ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
Бүгін Келес ауданында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов болып, үйірлі марокко және саяқ шегірткесі зиянкестерінің алдын-алу және химиялық өңдеу жұмыстарының барысымен танысты. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев атқарылып жатқан шаралар барысымен таныстырып, аталған бағыттағы өзекті мәселелерді жеткізді.
– Келес ауданы бойынша марокко шегірткесінің дірнәсілдерін анықтау жұмыстары 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап жүргізілуде. Жалпы болжам бойынша зерттелетін аумақ 190 360 гектарды құрап, Келес ауданы бойынша химиялық өңдеуге жататын аймақ жоспары 62 850 гектар болап табылады. Бүгінде Келес аудандық болжам орталығы жалпы 3650 га аумақта экономикалық зиян шегінен асқан шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтап, 12 дана жер үсті микрон техникасы арқылы 1650 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, - деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы химиялық өңдеу барысында қолданылатын препараттардың дозасын арттыру арқылы уақытты үнемдеуге тапсырма берді. Сондай-ақ химиялық өңдеу жұмыстарына қосымша 15 дана жер үсті микрон техникасы мен 2 дана трактор (кофейин) техникасы және 2 дана АН-2 ұшақтары жұмылдырылатын атап өтті.
Айта кетейік, үйірлі марокко және саяқ шегірткесі зиянкестерінің алдын-алу және химиялық өңдеу жұмыстары Келес ауданындағы Жамбыл, Бозай, Бірлік, Ақтөбе, Ошақты, Біртілек және Қошқарата ауылдық округтерінің аумағында жүргізіледі. Аталған аумақтағы жер үсті бүрку арқылы химиялық өңдеу жұмыстарына пиларкинг препараты қолданылуда.