КЕЛЕСТІКТЕР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІН ЖІБЕРДІ

КЕЛЕСТІКТЕР  СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІН ЖІБЕРДІ
Келес ауданының орталығынан кезекті гуманитарлық көмек Солтүстік Қазақстан облысына жолға шықты. Аудан халқы жинаған жылуды Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев пен өңір ақсақалдары бата беріп, шығарып салды.
− Қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында келестіктер белсенді түрде жылу жиып, бүгін төртінші жүк көлігімізді жөнелткелі тұрмыз. Осы жайт елімізде азаматтық қоғам, еріктілер қозғалысы, тұтас елдің отаншылдық сезімінің жоғары деңгейге көтерілгені аңғарылды. Барша жерлестеріме алғысымды білдіремін. Әлі де гумантарлық көмек жинау жалғасады, - деді аудан басшысы.
Айта кетейік, Келес ауданынынң тұрғындары бүгінге дейін 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмекті Батыс, Солтүстік және Ақтөбе облыстарына жөнелтті. Жалпы Түркістан облысынан 10 жүк көлігіне тиеліп жіберілген 200 тонна гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жеткізілді. Сонымен бірге өңірден аттанған 50 ерікті де сол аймақта гуманитарлық көмекті үйлестіру, тасқын судың алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр.