КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданында аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалану құқығын жүзеге асыру, бала еңбегін қанаудың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланып, аудандық полиция бөлімі мен білім бөлімінің өкілдері баяндама жасады.
Жиынға аудандық құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырма түзіліп, жауаптыларға нақты шараларды қабылдау бойынша тапсырмалар берілді.