Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес Келес аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қошқарата ауылдық округінің әкімі болып Нұрмахан Ерлан Қалмаханұлы сайланды. Осыған орай, бүгін Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев ауылдық округі әкімдігінің активіне жаңадан сайланған ауылдық округтің әкімін таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Қошқарата ауылдық округі ауданымыздағы халқы тығыз орналасқан ауқымды аймақтардың бірі. Мұндағы елдің әл-ауқатын арттыру бағытында тынымсыз еңбек ету қажет. Әлеуметтік, инфрақұрылым жұмыстарын жүйелеп, кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштердің көлемін арттыру бағытында нақты шараларды атқаруды тапсырамын, - деген аудан әкімінің орынбасары Алмас Икрамұлы жаңадан сайланған ауыл әкіміне бірқатар маңызды тапсырмаларды жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрмахан Ерлан Қалмаханұлы 1993 жылы Келес ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын 2014 жылы «Арай Комфорт» ЖШС санатында күзетші болып бастаған. 2017 жылы «Қошқарата ауылдық округі әкімі аппараты» ММ келісім шарт негізінде жастар практикасынан өтіп, кейіннен Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратында келісім шарт негізіндегі статист, бас маман іс басқарушысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі таңға дейін Келес ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімінің орынбасары болып еңбек етті.