КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫРДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ҒИМАРАТЫ МЕКТЕП ТЕҢГЕРІМІНЕ БЕРІЛЕДІ

КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫРДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ҒИМАРАТЫ МЕКТЕП ТЕҢГЕРІМІНЕ БЕРІЛЕДІ

Келес ауданында қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол ауылынан әкімшілік іскерлік орталығының құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс нысанында болған Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев мердігер мен тапсырыс беруші мекеме өкілдеріне нысанды сапалы, уақытында аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, бұл ғимаратты оқушы санының артуына байланысты С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің теңгеріміне беру бойынша шешім қабылданғанын жеткізді.
– Келес ауданында соңғы 5 жылда орта білім беру саласында оқитындар саны едәуір өсіп, 35 мыңнан астам оқушыны құрады. Бұл өз кезегінде оқушы санының артуы нәтижесінде қосымша білім нысандарын салуды талап етеді. Осы ретте өңір инфрақұрылымының қарқынды дамып жатқандығын есепке ала отырып, мектептерге түсетін жүктемені төмендету тұрғысында жұмыс жүргізуде. Өткен 5 жыл ішінде жалпы аудан көлемінде 6 мектептің құрылысы жүріп, пайдалануға берілді. Осы ғимаратқа бастапқыда құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлағанда мектеп теңгеріміне өткізуді ойластырдық. Себебі бала санының өсуіне байланысты алдағы уақытта ауылда мектеп тапшылығын болдырмау болып табылады, - деді аудан басшысы.
Аудан әкімі ғимарат аумағынын көгалдандыру жоспарын тыңдап, қосымша тапсырмаларды жүктеді. Сыртқы қасбетіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Аталған нысанның құрылысы 2022 жылы бастау алды. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асып жатқан ғимарат ағымдағы жылдың мамыр айында қолданысқа берілуі жоспарланған. Қазіргі таңда 20-ға жуық құрылысшылар нысанды мерзімінде іске қосу жолында еңбектенуде. Құрылысшылардың басым көпшілігі жергілікті тұрғындарды құрайды.