
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев әкім аппаратының құрамына жаңа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды. Келес ауданы әкімінің өкімімен Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы болып – Абдрахманов Бахтияр Оралбайұлы тағайындалды. Аудан әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған аудан басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді.
- Бахтияр Оралбайұлы осыған дейін де жауапты қызметтерді атқарып, ел дамуы жолында еңбектене білді. Ендігі кезекте жинақтаған мол тәжірибесі мен білімін алдағы жұмысына үлкен көмегі тиетін болады. Осыны ескере отырып, аудан әкімі аппараты қызметіндегі өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету, кадрлық құрамды нығайту және тәртіпті күшейтуді тапсырамын. Сонымен қатар жоғары органдардан келіп түсетін тапсырмалардың, облыс әкімі мен аудан әкімінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және ауыл әкімдері мен дербес бөлімдердің арасында өзара іс-әрекеттестік деңгейін арттыруды тапсырып, осы жұмыстарды тиісті деңгейде іске асыратыныңызға сенім білдіремін, - деді Жәнібек Есенұлы.
Бахтияр Абдрахманов 1990 жылы 31 шілдесінде (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Түркістан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ инжинерлік-техникалық академиясын қызмет көрсету(Бағалау) мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2015 жылы Шымкент қаласы әкімдігінде нұсқаушы болып бастаған. Кейін «Тұрғын үй Шымкент балалар темір жолы» ЖШС директоры, «WebStroyProject» ЖШС директоры, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының жеке тұрғын үй бөлімшесінде әдіскер, «ВикСтрой» ЖШС директоры, Келес ауданы әкімінің көмекшісінің м.у.а. лауазымдарын атқарған. Ағымдағы жылдың 3 мамырынан бүгінгі күнге дейін Келес ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.