КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН БАС МИЫНА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН БАС МИЫНА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

Келес аудандық ауруханасына жаңа нейрохирургиялық аппарат алынды. "Электрокраниотом" атты аппаратпен алғаш рет аудандық ауруханда бас мидың ауыр жарақатымен түскен науқасқа күрделі ота сәтті жасалды. Күрделі отаны аурухананың белгілі нейрохирург дәрігері Берданов Ғалымжан Әшімханұлы өткізді.
«Бұл аталған аппараттың артықшылығы ота уақытын едәуір қысқартып, науқастың ертерек аяққа тұруына жол береді. Аталған аппаратпен ота бұрын тек облыс деңгейінде жасалатын болған. Науқас ауыр халде кома жағдайында түскен, алдын ала емдік - диагностикалық әрекеттерден кейін отаға алынды. Бас миынан көп көлемде ұйыған қан алынып, ота сәтті өтті» - дейді Келес аудандық ауруханасының нейрохирург дәрігері Ғалымжан Әшімханұлы.
Алдағы уақытта аудан халқының денсаулығын қорғау мақсатында бұдан өзге заманауи құрал саймандармен қамтамасыз ету жалғасады.