КЕЛЕСТЕ ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫН ПАЙДА БОЛДЫ

КЕЛЕСТЕ ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫН ПАЙДА БОЛДЫ

 

Келес ауданында серуендеуге және жайлы демалысқа арналған жаңа қоғамдық орын пайда болды. Аудан орталығындағы Жеңіс саябағы ішінен жасөспірімдердің және балдырғандардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында ойын алаңы ашылды. Саябақ іші көркем жарық шамдарымен көмкеріліп, келушілердің көңілін сергітетін мүсіндер мен балалар алаңшалары сондай-ақ қазақи нақыштағы киіз үй ішінен тамақтану орындары келушілерге қызмет көрсетуде.
«Қазіргі таңда 20-ға тарта азаматты жұмыспен қамтыдық. Барлығы аудан жастары. Алдағы уақытта қайырымдылық акциясында өткізуді жолға қойсам деймін. Әр айдың соңғы жұмасында аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың да көңілін сергіту мақсатында балмұздақ таратып, барлық аттракциондарда тегін қызмет көрсетуді ниет етіп отырмын» - дейді Еркін Қадірбекұлы.
Айта кету керек, саябақта жарықтандыру, суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, тұрғындарға заман талабына сай, заманауи, сахна алаңы салынады. Бұған қоса саябақ аумағы кеңейіп, ағаштар егіліп, абаттандыруға көп көңіл бөлінеді.