Ағымдағы жылдың мамыр айында Келес ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тарапынан ауданымыздағы Републикалық, облыстық, аудандық және ішкі көшелердің жол жиектерін аралау жұмыстарын жүргізу барысында бірнеше жол белгілері, жол таңбалары, жол жиекті қоршаулар, жасанды жол кедергілері бүлінгендігін анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 294 бабында Тағылық (Вандализм), яғни ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жауапкершілік қаралғанын ескертеміз!
Жоғарыдағы маңызды мәселе бойынша бөлім тарапынан теңгерім иелері Республикалық маңызы бар автожол бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ» мекемесіне, Облыстық маңызы бар автожол бойынша «Оңтүстік жолдары» МКК мекемесіне жол белгілерін қайта қалпына келтіру, ескірген және жаңадан орналастыратын жол белгілерін орнату бойынша арнайы хат жолданды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылға автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жергілікті бюджет есебінен жол белгілері, ойық-шұңқыр жамау жұмыстары, жасанды жол кедергісі, жаяу жүргіншілер жолағын сызу, бағдаршам орнату жұмыстарын жүргізу жоспарға енген.