ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ – ТИІМДІ ТӘСІЛ

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ – ТИІМДІ ТӘСІЛ
Келестік шаруалар тамшылатып суару әдісінің тиімділігін көруде. Атап айтқанда Қошқарата ауылдық округінің Жаңа қоныс ауылында орналасқан «Бижігіт-ата» шаруақожалығының иесі Нұрбол Жанұзақов 10 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісін қолдануда. 5,5 гектар жерге жылыжай, 4,5 га жерге ашық алқапта өнім өсіріп, ағын суды тиімді, ысырапсыз пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетуде.
Жылыжай кешенінің қуаттылығы жылына 120 тонна өнім беруге қауқарлы. Өнімнің қияр, болгар және баклажан түрлерін өндіретін кешеннің жалпы құны 85 млн теңгені құрайды. 2018 жылы жылыжай құрылысын бастап, 2019 жылы алғашқы өнімін егіпті. Шаруа өңірдің климаттық жайының ұтымдылығын пайдаланып ашық алқапқа да егінін егуде. Алқаптың 3,5 гектарына сарымсақ өсірсе, баклажан өнімін 1 гектар аумаққа отырғызған. Шаруа жалпы 15 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.