Өздеріңізге белгілі Келес ауданының аумағы археологиялық зерттеулерді талап ететін біршама орындар бар. Соның бірі Мыңтөбе — ежелгі қорымы. Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылынан батысқа қарай 6 км жерде, Келес өзенінің Сырдария өзеніне құяр сағасының сол жағалауында орналасқан. Тарихи деректерге сүйенсек Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция, Шымкент педогокилық институты археологиялық экспедиция тобы аталған қорымды зерттеген. Қазіргі күні 400-ден астам обадан тұрады, табанының диаметрі 8–12–25 м, биіктігі 1–1,5–2,5 м шамасындағы жүйесіз қойылған қиыршық құм аралас сопақша үйінді. Мыңтөбе біздің заманымыздан бұрын 5–1 ғасырларға жатады деп топшылайды осыған дейін зерттеген ғалымдар.