КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Келес ауданында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге және дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмірге баулу. Аталған шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.
Аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Әбдімәліктің мұрындық болуымен өткен сайысқа республикамыздың өзге облыстарынан келген 100-ге жуық балуандар күш сынасты. Бір ғана санатта сынға түскен палуандар бозкілемде жыл бойы жинаған шеберліктерімен бөлісті. Ұлттық спортты дамыту мақсатында өткізілген турнирге түрлі жастағы спортшылар қатысты.
Сайыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы шығарылған медаль мен қаржылай сыйақылар табысталды.