Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ.
Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Атап айтқанда, «Salem» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, «Turkistan times» жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрерменге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді.