Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі әкімі қызметіне «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару» Заңының 36 бабына сәйкес Нұрмаханбет Амангелдіұлы Нархозиев 27 қарашадан бастап тағайындалды.
Нұрмаханбет Амангелдіұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы менеджмент және сервис» колледжінде Экономикалық пәндер мұғалімі қызметінен бастаған. 2006-2008 жылдары Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде Экономикалық пәндер мұғалімі, 2009 жылы ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылар құқығын қорғау «Адала» бірлестігінде Аймақаралық инспектор, 2009-2010 жылдары Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші, бас маманы, 2010-2011 жылдары Жүзімдік ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маман-іс басқарушысы, 2011-2017 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің көмекшісі, 2018-2019 жылдары Келес ауданы әкімінің аппараты, Ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы, 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Келес ауданы әкімі аппаратының жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы қызметінде болды.