КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Халықпен кері байланысты нығайту және әлеуметтік маңызы бар түйткілдерді жедел шешу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға тиісті құрылымдық бөлімдердің, дербес мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында Байтерек елді мекенінде спорттық-балалар инфрақұрылымын дамыту, «Алтын алқа» мемлекеттік наградасын рәсімдеу, жер заңнамасының талаптарын сақтау, «Абай» аудандық ауруханасындағы еңбек қатынастары және Жаңатіршілік ауылын ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік-коммуналдық жобаларды іске асыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын заң шеңберінде мұқият тыңдап, жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.
– Әлеуметтік түйткілдерді шешу тек үстіртін жауаппен шектелмей, нақты нәтиже беруі тиіс. Халық бізге құрғақ уәде емес, мәселенің шешілгенін көру үшін келеді.
Әрбір бөлім мен басқарма басшысы өзіне бекітілген сала бойынша тұрғындардың сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беруге міндетті. Әрбір істің орындалу барысын жеке өзім қадағалаймын, — деп атап өтті.
Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер тиісті бақылауға алынып, оларды шешудің нақты мерзімдері айқындалды. Әрбір өтініш иесіне заң аясында белгіленген жұмыс күні ішінде ресми жауап жолданады. Сауалдардың қаралу үдерісі аудан әкімінің жеке бақылауына қойылды.