ОБСУЖДЕНЫ НОРМЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ И ЭТИКИ

ОБСУЖДЕНЫ НОРМЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ И ЭТИКИ
Келес ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахманов төрағалық етті.
Жиында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен қарым-қатынаста жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахманов мемлекеттік қызметші үшін адалдық пен жауапкершілік басты қағидат болуы керектігін атап өтті.
— Мемлекеттік қызметші халықтың сеніміне қызмет етуі тиіс. Сондықтан әрбір қызметкер өз қызметінде Әдеп талаптарын қатаң сақтап, заңдылық пен адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағыттағы талаптарға әрбір мемлекеттік қызметші үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деді Бахтияр Абдрахманов.
Жиын соңында қатысушыларға аталған бағыттағы заң талаптары мен Әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелеріне басымдық беру қажеттігі айтылды.