Құрметті аудан тұрғындары!
Келес аудандық терроризмге қарсы жедел штабы тарапынан Абай ауылы аумағында өткізілген терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары аяқталғанын хабарлаймыз.
Оқу-жаттығу барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиісті қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау бағытында жоспарланған жұмыстар жүргізілді.
Аудан тұрғындары мен қонақтарына түсіністік танытып, сабырлық сақтағандары үшін алғыс білдіреміз!