КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨЛЕМДІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨЛЕМДІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасына сәйкес аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен тазалық жұмыстарына Абай ауылы мен ауылдық округтерден 1 600 адам қатысты. Сенбілік барысында елді мекендердің тазалығын сақтау, көшелердің көркін жақсарту және қоғамдық орындарды ретке келтіруге басымдық берілді.
Жұмыс барысында көше бойындағы шөптер орылып, ағаш көшеттерінің түптері әктелді. Сонымен қатар санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 250 метр бетон арық жүйесі тазартылды.
Тазалық шарасына 8 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 2,5 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 500 түп ағаш әктеліп, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Аудан басшылығының тапсырмасына сәйкес мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, елді мекендердің тазалығы мен көріктілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.