Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Келес ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Келес ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары А. Салимов, Ж. Ағабеков және Б. Басымбек Келес ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуді Келес ауданының әкімі Ж. Ағыбаев жүргізіп отырды. Жиында облыстық мәслихат депутаттарының атқарып жатқан жұмыстары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған негізгі міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы айтылды.
Баяндама жасаған облыстық мәслихат депутаты Б. Басымбек депутаттық корпус тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға, өңірдің дамуына бағытталған міндеттер мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Жиын барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, жол, ауызсу, абаттандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.
Облыстық мәслихат депутаттары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында қаралып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды қолдау, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсау депутаттық корпустың басты назарында екені атап өтілді.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, халықпен ашық кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны айтылды.