МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті жүргізушілер мен аудан тұрғындары!
2026 жылғы 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін КХ-72 «Абай–Шардара» автомобиль жолының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік елді мекені тұсында жол қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Шектеу «Қазақстан темір жолы» тарапынан автомобиль жолының үстінен теміржол өткелін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
🔴 Осыған байланысты Абай–Шардара және Шардара–Абай бағыттарындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
➡️ БАЛАМА БАҒЫТ:
Абай – Лесбек батыр (Жаңадәуір) – Шардара бағыты арқылы жүруге болады.
❗ Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді ескеруді сұраймыз.