КЕЛЕСТЕ КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТІП, ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

КЕЛЕСТЕ КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТІП, ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Келес аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті 38-сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев төрағалық етті. Алқалы жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Атап айтқанда, Келес аудандық мансап орталығы филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Сонымен қатар Ұшқын, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есептері қаралды.
Сондай-ақ Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кіріс бөлігін толықтыру бағытында атқарған жұмыстары талқыланып, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер бірауыздан қабылданды.