Баршаңызды халқымыздың рухани болмысын айшықтайтын, ұлттық өнерімізді ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – қазақтың жаны, елдің үні, ұлттың мәңгілік мұрасы. Қос ішегінен төгілген күй – бабалар аманаты, тарихтың шежіресі, еркіндік пен елдіктің айғағы. Сан ғасырлық дәстүрімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда домбыраның орны қашанда ерекше.
Бүгінде ата-баба мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру – баршамыздың қасиетті міндетіміз. Домбыраның қоңыр үні әр шаңыраққа береке мен бірлік, татулық пен ізгілік әкелсін.
Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Ұлттық өнеріміздің мерейі үстем болып, қастерлі домбырамыздың үні мәңгілік жасай берсін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Келес ауданының әкімі