КЕЛЕСТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

КЕЛЕСТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй, денсаулық сақтау, жер қатынастары, ауыз су, автомобиль жолдары, интернет желісі, кәсіпкерлікті қолдау, жеңілдетілген несие, атаулы әлеуметтік көмек және қамқоршылық мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Әрбір көтерілген мәселе жан-жақты қаралып, аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша тұрғындарға заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың шешу жолдары түсіндірілді. Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты мекеме басшыларына белгіленген мерзімде тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
– Әрбір тұрғынның өтініші мен мәселесі біздің назарымызда болуы тиіс. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы заң аясында жан-жақты зерделеніп, нақты шешімін табуы қажет. Жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әрбір өтініштің орындалу барысы тұрақты бақылауда болады, – деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтуға, тұрғындарды толғандырған мәселелерді жедел шешуге және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыс бағыттарының бірі болып табылады.