КЕЛЕСТІҢ ҮШ СПОРТШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

КЕЛЕСТІҢ ҮШ СПОРТШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
2026 жылдың 12–15 маусым күндері Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы, Шолпан-Ата қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында унифайт спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа Азия елдерінің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған чемпионатта Түркістан облысының құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде Келес ауданының үш спортшысы алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды.
Атап айтқанда, келестік спортшылар Шаназаров Берик, Амангелді Сабит және Сламжан Аллаёр жарыста жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыластарын жеңіп шықты. Нәтижесінде үшеуі де жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бұл жеңіс – аудан спортының дамуы мен спортшылардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Сонымен қатар жас буынға үлгі болатын айтулы жетістік саналады.