КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Келес ауданында аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы өзекті мәселелері қаралды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев төрағалық етті. Сонымен қатар сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне қатысты өзгерістер енгізу қаралды. Атап айтқанда, Келес аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы №23-177-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі талқыланды.
Аталған мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаева баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Баяндамадан кейін депутаттар тарапынан пікірлер айтылып, ұсыныстар ортаға салынды. Сессия барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев әлеуметтік қолдау мәселесі әрдайым мемлекеттің басты назарында екенін атап өтті.
– Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер шынайы мұқтаж азаматтарға уақытылы әрі әділ жетуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз болады. Сондықтан әрбір сала басшысы өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарауы қажет, – деді аудан әкімі.
Сессия қорытындысында күн тәртібіндегі мәселе депутаттардың қолдауына ие болып, тиісті шешім қабылданды.