Келес ауданында аса қауіпті марокколық шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар нақты жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, барлық жауапты құрылымдар жұмылдырылған.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлік ауылдық округіндегі бас штабта болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, шегірткеге қарсы күресті күшейту, уақытылы әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.
Жалпы Келес ауданы бойынша зерттелетін аумақ 217 600 гектарды құрайды. Оның ішінде 143 350 гектар жер химиялық өңдеуге жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 101 400 гектар аумақ зерттеліп, экономикалық зияндылық шегінен асқан 48 192 гектар анықталды. Қазіргі таңда 39 836 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Бірлік ауылдық округінде 20 384 гектар, Жамбыл ауылдық округінде 10 648 гектар, Бозайда 6 952 гектар, Қошқаратада 296 гектар, Жүзімдікте 366 гектар, Ақтөбе ауылдық округінде 950 гектар және Ошақты ауылдық округінде 240 гектар жер өңделді.
Аудан аумағы 19 секторға бөлініп, әр секторға жауапты мамандар бекітілген. Анықтау жұмыстарына жалпы 450 адам қатысып, шегіртке ошақтарын дер кезінде анықтау бағытында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар аудан мекемелері де бұл жұмыстарға белсенді түрде тартылған