КЕЛЕСТЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕСТЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Келес ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған игі шара аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тапсырмасына сәйкес жүзеге асып, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер өздеріне қарасты аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық шаралары барысында мекеме қызметкерлері ғимарат аулаларын қоқыстан тазалап, көгалдандыру жұмыстарын қолға алды. Ағаш түптері әктеліп, қоршаулар ретке келтірілді. Сонымен қатар, артық шөптер орылып, аумақтардың эстетикалық келбетін жақсартуға ерекше мән берілді.
Бұл жұмыстар аудан көлемінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындар арасында тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тазалық – ортақ іс екендігін ескерген келестіктер бұл бастамаға белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда.