КЕЛЕСТЕ 3 500 КӨШЕТ ЕГІЛІП, 4 500 АҒАШ ӘКТЕЛДІ

КЕЛЕСТЕ 3 500 КӨШЕТ ЕГІЛІП, 4 500 АҒАШ ӘКТЕЛДІ
“Таза Қазақстан” жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданы аумағында ауқымды сенбілік іс-шаралары ұйымдастырылды. “Көктемгі көшет егу” және “Өзен-көл жағалауларын тазалау” бағытында өткен бұл бастама аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Сенбілік барысында елді мекендерде ағаш көшеттерін отырғызу, ағаш түптерін әктеу, сондай-ақ өзен-көл жағалауларын санитарлық тазалау жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға 7 500-ден астам адам атсалысты.
Нәтижесінде аудан аумағынан 34 тонна қоқыс шығарылып, 3 500 дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар 4 500-ден астам ағаштың түбі әктеліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Аталған сенбілік – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.