ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ
🔰Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында республика көлімінде 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2027 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жұмыстары бойынша арнайы кешенді жоспар бекітілген. Бүгінде 2021-2025 жылдары аралығында 96 мың гектар жерге 146 млн түп көшет егілді. Жоспар 116 пайызға артығымен орындалды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
🔰Облыс басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, бекітілген жоспардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар кейбір аудандарда суару жүйелері мен қоршау жұмыстарының төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын сынға алып, көшет отырғызу сапасын күшейтуді жеткізді.
🔰Жиында көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баяндама жасап, алдағы жоспарларын атап өтті. Оның айтуынша, 2026-2027 жылдары аралығында қалған 14 мың гектар жерге, 24 млн түп көшет егу жұмыстары толығымен атқарылады. Биылғы наурыз айында 13 600 гектар жер жырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.
🔰2025 жылы облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне қарасты 22 тұқымбақта 30 миллионға жуық көшет өсіріліп, ормандарды толықтыруға 10 миллионнан астам көшет егілді.
🔰Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыру аясында облысқа 1,1 млн көшет отырғызу тапсырылған. Өткен жылы 1 065 139 түп көшет егілді. Ал 2026 жылға 1 млн көшет отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 312 мың көшет аудан-қалаларға таратылған. Көктемгі маусымға дайындық аясында 374 гектар жер қамтылып, суару жүйелері 80 пайызға, қоршау жұмыстары 84 пайызға қамтылған.
🔰Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 13 аудан, қала әкімдіктерінде жер бөлініп, тұқымбақтар ашылды.