
Мерекелік бағдарлама аясында Сауран, Ордабасы және Созақ аудандарының өнерпаздары сахна төріне шығып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр ауданның шығармашылық ұжымдары ұлттық ән-күй мен заманауи туындыларды үйлестіре отырып, көрермен ықыласына бөленді. Халық әндері шырқалып, термелер орындалып, мың бұралған билер мерекенің көркін аша түсті. «Қош келдің, көктем» театрландырылған қойылымы ұсынылып, жүздеген өнерпаз қатысқан сахналық көріністерде қазақ халқының салт-дәстүрі, жаңару мен береке, табиғаттың түлеп, тіршіліктің жандануы әсерлі түрде бейнеленді. Сонымен қатар этно-фешн сән көрсетілімі ұйымдастырылып, ұлттық киімдер жаңа форматта ұсынылды.