Сіздерді ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қадам басатын, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары қайта түлейтін ерекше мейрам. Табиғатпен бірге тіршілік атаулы жаңарып, әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкеледі.
Берекелі Келес өңірі үшін бұл мейрамның орны айрықша. Ынтымағы жарасқан ел-жұртымыздың бірлігі мен татулығы – ауданымыздың басты байлығы. Алдағы уақытта да бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болып, ауданымыздың дамуы жолында бірге еңбек ете беретінімізге сенім мол.
Осы игі мейрамда баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Жәнібек АҒЫБАЕВ
Келес ауданының әкімі