Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев мемлекеттік наградамен марапатталды. Түркістан қаласында өткен салтанатты рәсімде оған Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі табысталды.
Аталған марапат мемлекеттік қызметтегі жоғары жауапкершілігі, нәтижелі еңбегі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін беріліп отыр. Даурен Сариев Келес ауданында бірқатар маңызды бағыттар бойынша жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына атсалысып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардың іске асуына үлес қосып келеді.
Бүгінде ауданда инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру бағытында кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар өңірдің тұрақты дамуына оң әсерін тигізіп отыр.