Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау Amanat партиясы Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес ұйымдастырылды.
Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, сот құжаттарына қатысты сұрақтар, жер қатынастары, сондай-ақ инфрақұрылымға байланысты – көпір мен су өткізгіш құбырларды ауыстыру қажеттілігі жөніндегі өтініштер қаралды.
Әрбір мәселе бойынша аудан әкімі тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жер мәселелері бойынша жауапты бөлімдерге қолданыстағы заң талаптарына сәйкес нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Ал инфрақұрылымға қатысты мәселелер бойынша тиісті мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шешу жолдарын ұсыну жүктелді.
Қабылдау қорытындысында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты тұлғаларға оларды уақытылы әрі сапалы шешу жөнінде нақты міндеттер қойды. Азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен қаралып, заң талаптарына сәйкес шешімін табатын болады.