КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАР АУЫЗ БЕКІТКЕН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМА МЕН СУ ҮЛЕСТІРДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАР АУЫЗ БЕКІТКЕН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМА МЕН СУ ҮЛЕСТІРДІ
Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум барысында Келес ауданында ерікті жастар игі бастама көтерді. Ауданның белсенді жастары референдум учаскелеріне барып, қасиетті Рамазан айында Алланың разылығы үшін 30 күн ораза ұстауды ниет етіп, ауыз бекіткен азаматтарға құрма мен су үлестірді.
Жастардың айтуынша, бұл шараның мақсаты – референдумға келген тұрғындарға құрмет көрсету, сондай-ақ қасиетті айда сауапты іс жасау. Учаскеге келген азаматтар жастардың бұл игі бастамасына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Мұндай қайырымды әрекет референдум учаскелерінде жылы атмосфера қалыптастырып, тұрғындардың көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар, бұл бастама жастардың қоғамдағы белсенділігін және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурыз күні Қазақстан Республикасында республикалық референдум өтіп жатыр. Ел азаматтары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауларын жасауда.