Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Келес ауданындағы әскери қызметкерлер де белсенді қатысуда.
Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округі аумағында орналасқан Дархан шекара заставасының әскери қызметкерлері Ақжол ауылындағы №349 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ел шекарасын күзетіп жүрген сарбаздар маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық борыштарын орындады.
Әскери қызметкерлер референдумға қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында республикалық референдум өтіп жатыр. Келес ауданында барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, тұрғындар өз таңдауларын жасауда.