Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Келес ауданындағы мекеме қызметкерлері де белсенді қатысуда. Солардың қатарында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның Келес аудандық электр желілері (АЭЖ) қызметкерлері де бар.
Энергетика саласында еңбек етіп жүрген мамандар өздерінің тіркелген референдум учаскелеріне барып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанда өз таңдауларын жасады. Олар мұндай маңызды шараға қатысу – әр азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті.
Электр желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген сала қызметкерлері қоғамдық-саяси өмірге де белсенді араласып, ел дамуына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында республикалық референдум өтіп жатыр. Келес ауданындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, тұрғындар өз таңдауларын жасауда.