КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Келес ауданының ардақты ақсақалдары өз таңдауын жасады.
94 жастағы Өмірзақ Өтенов Абай ауылындағы №322 учаскеге барып, дауыс берді. Ол референдумға қатысудың әр азаматтың маңызды міндеті екенін атап өтіп, ел болашағына бей-жай қарамауға шақырды. Ардагерге учаске комиссиясы тарапынан сый-сияпат та табысталды.
Абай ауылының тағы бір ардагері, 85 жастағы Кулгинов Сейдір ақсақал да №324 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Сейдір ақсақал азаматтық борышын орындаудың маңызды екенін атап өтіп, жастарды елдің болашағына белсенді араласуға шақырды.
Бүгін Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Келес ауданында барлық учаскелер таңғы сағат 07:00-де ашылып, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр.