КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген референдум учаскесіне барып, дауыс беріп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосты.
Жәнібек Ағыбаев референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.
«Бүгін ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты шешімге қатысып отыр. Бұл – мемлекетіміздің дамуы мен болашағы үшін маңызы зор тарихи сәт», – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Келес ауданында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Ауданда барлығы 61 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Жалпы Келес ауданында 131 093 тұрғын бар. Оның ішінде 69 812 азамат дауыс беру құқығына ие. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.