Құрметті Келес ауданының тұрғындары!

Құрметті Келес ауданының тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің жарқын жаршысы, береке мен бірліктің бастауы саналатын 14 наурыз – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал күні – ата-бабадан жалғасқан тағылымы мол дәстүр. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, қол алысып көрісіп, өткенге шүкір айтып, алдағы күнге ізгі тілек білдіреді. Осындай игі дәстүр халқымыздың татулығы мен бірлігін нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейді.
Берекелі Келес жерінде де бұл мереке жыл сайын ерекше ықыласпен атап өтіліп келеді. Әр шаңыраққа амандық, отбастарыңызға құт-береке, молшылық пен бақ-дәулет тілеймін. Көктеммен бірге келген осы игі мереке баршаңызға жаңа жетістіктер мен қуаныш әкелсін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев