КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан әкімдігінде қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектерді құттықтап, оларға құрмет көрсетті.
Мерекелік жиында аудан басшысы әйелдердің қоғамдағы және мемлекеттік қызметтегі рөліне тоқталып, олардың еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті.
— Сіздер аудан әкімдігінде абыройлы қызмет атқарып, мемлекеттік қызметтің жауапты саласында маңызды міндеттерді атқарып келесіздер. Қоғамның дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын және еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Жәнібек Есенұлы.
Кездесу барысында аудан әкімі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын табыстап, арнайы құттықтау хаттарын ұсынды. Сонымен қатар, ұжымдағы ер азаматтардың атынан дайындалған сыйлықтар да беріліп, нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шара барысында әріптестер бір-біріне ізгі тілектерін айтып, әйелдердің қоғамдағы орны мен еңбегіне құрмет білдірді.