Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген әйелдерді құттықтады.
Әкім орынбасары мен аппарат басшысы әйел-аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап, барша қатысушыларға денсаулық, отбасылық амандық пен еңбектеріне табыс тіледі.
– Әйел – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тірегі. Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген барша аруларға алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді әкім орынбасары Даурен Нұрланұлы.
Шара барысында мереке иелеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, аудан өміріндегі бірқатар әлеуметтік бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Айта кетейік, аудан көлемінде әйел-аналарды қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.