Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – бірлік пен татулықты, өзара құрмет пен ізгілікті дәріптейтін ерекше мереке. Бүгінде Келес ауданында 28 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына бірге үлес қосып келеді.
Алғыс айту күні – өткенге құрмет, бүгінге шүкіршілік, болашаққа сенім білдіретін күн. Бірлігі бекем елдің болашағы әрқашан жарқын болмақ.
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Келес ауданы өркендей берсін!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев