«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры базасында кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі іске қосылды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры базасында кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі іске қосылды.
Бір жерде «Бәйтерек» холдингінің ұйымдары бағдарламалары бойынша кеңес пен сүйемелдеу алуға болады:
• «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШОБ-ты 7 млрд теңгеге дейін қолдау құралдары)
• Қазақстанның Даму Банкі (7 млрд теңгеден жоғары ірі жобаларды қолдау құралдары)
• Өнеркәсіпті дамыту қоры (өңдеуші өнеркәсіп пен лизингті қолдау құралдары)
• KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігі (экспорттық жобаларды қолдау құралдары)
• Qazaqstan Investment Corporation (private equity тікелей инвестиция құралдары)
Бірыңғай фронт-офистер Қазақстан бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалдары базасында жұмыс істейді.
Бірыңғай фронт-офистерде бастапқы кеңес беріліп, аталған компаниялар атынан өтінімдер қабылданады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1408 нөмірі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі үшін Бірыңғай байланыс орталығы болды.
1408 нөмірі арқылы Холдингтің барлық еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес алуға болады (Отбасы Банкі-нен басқа).
⏰ Жұмыс уақыты: 08:30–17:30
📞 Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін