Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Келес ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 наурызында, сағат 16.00-де Аудандық мәдениет үйінде (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №83) өтеді. Облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы сағат 17.00-де Аудан әкімі аппаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылдың 3 наурызына дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Өтетін орны: Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №83

Күні: 5 наурыз

Уақыты: 16.00