КЕЛЕС: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

КЕЛЕС: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА
Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев Amanat партиясының Келес аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарымен жеке кездесу өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар ағын су жүйесін реттеу, жер телімдерін рәсімдеу, арық қазу және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін көтерді. Әсіресе инфрақұрылымды жақсарту мен су тапшылығын шешу бағытындағы ұсыныстарға басымдық берілді.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары әрбір мәселе бақылауға алынатынын атап өтті.
– Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, заң аясында нақты шешім қабылдау. Көтерілген мәселелердің барлығы тиісті бөлімдерге жолданып, кезең-кезеңімен орындалуы қамтамасыз етіледі. Әрбір өтініш назардан тыс қалмайды, – деді Сүлеймен Нұрланұлы.
Сондай-ақ, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, атқарылған жұмыстар бойынша кері байланыс берілетіні жеткізілді. Ашық әрі іскерлік форматта өткен жиында тұрғындар өз ойларын еркін білдіріп, жауапты сала өкілдерінен нақты түсіндірмелер алды.