Құрметті Келес ауданының тұрғындары!

Құрметті Келес ауданының тұрғындары!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – мейірім мен сабырдың, кешірім мен шүкіршіліктің айы. Бұл – адам баласын рухани тазарып, жүрегін имандылық нұрымен жаңғыртуға үндейтін ерекше кезең. Осы қасиетті айда жасаған әрбір игі ісіміз бен ізгі ниетіміз қабыл болып, шаңырақтарымызға береке мен бірлік орнасын.
Келес жұртшылығы қашанда ынтымағы жарасқан, дәстүрі мен дініне берік, қайырымды халық. Рамазан айы ауданымыздағы татулық пен өзара сыйластықты одан әрі нығайтып, игі бастамаларға жол ашсын. Әр отбасының дастарханы мол, дені сау, көңілі шат болғай!
Ораза ұстаған баршаңызға сабыр мен күш-қуат тілеймін. Алла тағала тұтқан оразаларыңызды, жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев